jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Жоғалған бүлдіршінді шарқ ұра іздегендер оны ес-түзсіз жатқан әкесінің қасынан тапты

    бөбек
    Көрнекі фото: pixabay.com

    Новосибирскіде жоғалып кеткен төрт жасар қыз ес-түзсіз жатқан әкесінің қасынан табылды деп хабарлайды РЕН ТВ.

    Белгілі болғандай, қызынан ұзақ уақыт хабар ала алмаған анасы оған бейнеқоңырау шалады. Телефон қуаты таусылуға шақ қалғанына қарамастан, қыз бала қоңырауға жауап беріп, қайда отырғанын көрсетіп үлгерген.

    Қатты тоңып қалғанына шағымданған балақайдың көлікте отырғаны, айналасында көпқабатты ғимараттар бары және дельфиннің суреттері ілініп тұрғаны байқалған.

    Анасы шырылдап көмек сұраған баласына көлік жанынан өткен бірде бір адам көмектеспей, өз шаруаларымен әрі қарай кетіп бара жатқанын да бейнеқоңыраудан байқап қалады. Алайда қуаты таусылған телефон көп ұзамай сөніп қалған.

    Қызын содан кейін шарқ ұра іздеуге кіріскен анаға еріктілер көмекке келеді. Сол күні кешке қыз баланы Троллейиный тұрғын алабындағы тұрғындар тауып алған.

    Қыз бала көлікте әбден тоңып қалған екен, ал әкесі қасында ес-түзсіз жатқан. Тәртіп сақшылары 37 жастағы ер адамның есірткі қолданғаннан кейін есінен танып қалғанын айтуда. Бүгінде қыз баланың жағдайы жақсы.

    Еске салсақ, бұған дейін Сочидегі сауда орталықтарының бірінде ондаған адам эсклаторға қысылған бүлдіршінді құтқарып қалғанын жазған едік.

    Одан бөлек, 87 жастағы кейуана айлакерлігінің арқасында ажалдан құтылып кеткенін жазған болатынбыз.

    Жоғалған бүлдіршінді шарқ ұра іздегендер оны ес-түзсіз жатқан әкесінің қасынан тапты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.