jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Баласын мектептен алып кеткен анасы оны 28 жыл бойы қамауда ұстаған

    Үй
    Фото: Getty

    Швецияның Стокгольм қаласында жантүршігерлік жағдай орын алды. Полиция қызметкерлері 28 жыл бойы қамауда болған ер адамды құтқарған. Оны туған анасы құлдықта ұстапты деп жазады insideedition.com.

    Есімі жария етілмеген әйел ұлын 12 жасында мектептен алып кетіп, 28 жыл бойы үйінде қамап ұстағаны анықталды.

    Бұл жайтты ер адамның туыстары әшкере еткен екен. Зардап шегуші әбден әлсіреп, тістеріне дейін түсіп қалған күйде үй ішінен табылды.

    Куәгерлердің айтуынша, пәтерді жағымсыз иіс жайлап, үй іші қоқысқа толы болған.

    "Шаң тозаң өз алдына, нәжістің иісі шығып тұрды. Үйді жылдар бойы ешкім жинамағаны бірден байқалды", - дейді зардап шегушіні тауып, құтқарған туысы.

    Ер адамның анасына "заңсыз бас бостандығынан айыру және дене жарақатын салу" баптары бойынша айып тағылып отыр. Бірақ ол ұлына зорлық-зомбылық көрсеткенін жоққа шығаруда.

    70 жастағы кейуана ұлын қамауда ұстағанын да мойындамай отыр. Ол баласы ересек екенін және үйден өз еркімен шығуға ерікті болғанын алға тартқан.

    Еске салсақ, бұған дейін тараздық дәрігерлер сырға жұтып қойған 3 жасар баланы аман алып қалғанын жазған едік. Жамбыл облыстық көпбейінді балалар ауруханасына ата-анасы бір сәтте шашалып, ауа жетпей, жағдайы қиындаған баланы алып келген.

    Одан бөлек, көкшетаулық дәрігерлер түйреуіш жұтып қойған сәбиді аман алып қалған болатын. Бұл туралы Ақмола облыстық балалар ауруханасының әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланды.

    Баласын мектептен алып кеткен анасы оны 28 жыл бойы қамауда ұстаған

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.