jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Нанды үгіткенге бола екі жасар баласын өлтірген әйелдің қылмысы әшкере болды

    Тамақтану
    Көрнекі сурет: pixabay.com

    Ресейдің Омск қаласының тұрғыны екі жасар баласын аяусыз өлтіргені үшін сотта жауапқа тартылды деп хабарлайды РЕН ТВ.

    Тергеу болжамына сәйкес, жантүршігерлік оқиға өткен жылдың мамырында болған. 28 жастағы әйел ащы судан ұрттап алып, өз баласына шүйліккен. Ол екі жасар баласының тамақ жегенде нанды үгітіп тастағаны үшін ашуланыпты.

    Аймақтық прокуратураның баспасөз қызметі келтірген мәлімет бойынша, әйел үгітілген нанды қызының аузына тыға бастаған, салдарынан қызы тұншығып, көз жұмған.

    Әйелдің азаматтық некедегі күйеуі бүлдіршіннің денесін жасыруға көмектескен. Алайда оны жауапқа тарту мүмкін болмады. Себебі, бұл жайттан кейін 10 күн өткесін ер адам ішімдіктен уланып, қайтыс болған екен.

    Полицияға әйелдің құрбысы хабар берген. Ол аяқасты жоқ болып кеткен қыз баланың жағдайына алаңдап, тәртіп сақшыларын шақыртқан.

    Әйел бастапқыда бар кінәні қайтыс болған ер адамның мойнына артпақ болғанымен, артынша өз кінәсін мойындаған. Ол 13 жыл бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

    Еске сала кетейік, бұған дейін Германия полициясы Золингендегі пәтерден денелері табылған бес баланың өліміне қатысты тергеу жұмыстарын жүргізіп жатқанын хабарлаған едік.

    Балаларды өлтірді деген күдікке анасы ілінген.

    Сонымен қатар Ұлыбританияның Честер қаласында сегіз нәрестенің өліміне қатысты іс бойынша аурухана қызметкері ұсталғанын жазған болатынбыз.

    Нанды үгіткенге бола екі жасар баласын өлтірген әйелдің қылмысы әшкере болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.