jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Риза Шайқақ
    Риза Шайқақ
    Бұрынғы қызметкер

    Ақтөбеде ішіп алып, полицейлерге мылтықпен оқ атқан шенеунік сотталып кетті

    Нұрлан Иманалин
    Фото: rus.azattyq-ruhy.kz

    Ақтөбе қалалық соты облыстық құрылыс басқармасының басшысы Нұрлан Иманалинге үкім шығарды. Ол алаяқтық жасап және полиция қызметкерлеріне оқ атқаны үшін 7 жылға бас бостандығынан айырылды деп хабарлайды өңірдегі KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Экс-шенеунік алдағы уақытта енді мемлекеттік органдарда лауазымды қызмет атқару құқығына ие бола алмайды.

    Оған Қылмыстық кодекстің «Алаяқтық», «Лауазымдық өкілеттіліктерді теріс пайдалану», «Билік өкіліне бағынбау» және «Билік өкілдеріне қатысты күш қолдану» секілді бірнеше баппен айып тағылды.

    Ал оның сыбайласы болған кәсіпкер Қойбағаров 6 жылға бас бостандығынан айырылып, 10 жыл бойы коммерциялық ұйымдарда лауазымдық қызмет атқару құқығынан айырылды.

    Іс материалдарына сүйенсек, Ақтөбе облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының бұрынғы басшысы Нұрлан Иманалин 2020 жылдың наурыз айынан бері қамауда отыр.

    Экс-шенеунік үш жыл бұрынғы заңсыз әрекетіне қатысты жауапқа тартылған.

    2017 жылдың қыркүйек айында сотталушы мен «Ақ Саток» ЖШС-нің директоры Даниярбек Қойбағаров келісімшартқа отырған. Онда Мұғалжар ауданы Сағашилі ауылындағы 320 орынды мектепке 750 миллион теңге қаржы бөлінгені айтылған.

    Тексеріс кезінде экс-шендінің атқарылмаған жұмыс актісіне қол қойып жібергені белгілі болды. Иманалиннің жеке компанияның директоры Койбағаровпен алдын ала сөз байласу арқылы алаяқтық жолымен жалпы құны 60 703 175 теңге болатын бюджеттік қаражатты жымқырғаны сотпен дәлелденді.

    Оның мектеп құрылыс алаңында орындалмаған жұмыс үшін де бюджет қажысын шығындағаны белгілі болды.

    Сондай-ақ, ол төтенше жағдай режимінде полиция қызметкерлерінің заңды талабына бағынбады деп айыпталды.

    Экс-шенеунік полиция қызметкерлерін аңшы мылтығымен қорқытқан.

    Ақтөбеде ішіп алып, полицейлерге мылтықпен оқ атқан шенеунік сотталып кетті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.