jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Сәке Қанатұлы
    Сәке Қанатұлы
    Бұрынғы қызметкер

    Қарағандыда балабақша меңгерушісі тәрбиешілерге өз үйін тазалатып, ас әзірлетіп келген

    Көрнекі
    Көрнекі фото: pexels.com

    Қарағанды қаласында "Айналайын" балабақшасының меңгерушісі қызмет бабын асыра пайдаланғаны үшін жұмыстан шығарылды деп хабарлайды saryarqnews.kz.

    Балабақша тәрбиешілері және басқа да қызметкерлер білім басқармасына ұжымның атынан шағым түсірген.

    Қызметкерлердің айтуынша, басшы әйел техникалық персоналды өз үйінде жұмыс істеуге мәжбрлеген. Онымен қоймай, аспаздарды да отбасына тамақ әзірлеуге міндеттеп отырды, дейді олар.

    Ал азық-түлік өнімдерін балабақша қоймасынан алған.Кір жуатын әйелдер үйдің кірін жуса, басқалары үйдің ішін тазалап, терезе мен еденді жуып жүрген", - делінген хабарламада.

    Қызметкерлер меңгерушінің заңсыз әрекетіне шыдай алмай, білім басқармасына арыз түсіргені белгілі болды. Осыдан кейін оны жұмыстан шығару туралы шешім қабылданды.

    Қарағандыда балабақша меңгерушісі тәрбиешілерге өз үйін тазалатып, ас әзірлетіп келген

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.