jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұрила Ермекбай
    Нұрила Ермекбай
    Бұрынғы қызметкер

    Ақмола облысында әріптестерінің көзінше полицейді көлік қағып кетті

    Полиция
    Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

    Ақмола облысы Есіл қаласының маңында әріптестерінің көзінше полиция қызметкерін көлік қағып кетті. Қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Есіл ауданының әкімдігі хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Боран мен ауа райының нашарауы салдарынан жол апаты орын алып, Есіл аудандық полиция бөлімі уақытша ұстау изоляторының қызметкері зардап шеккен.

    35 жастағы ер адам аудан орталығынан отыз шақырым жердегі Двуречный ауылында тұрады. Ол жұмысқа күн сайын өз көлігімен барады екен.

    12 қаңтар күні де полицей сағат таңғы 10 шамасында жұмысқа бара жатқан, алайда жолда көлігі бұзылған.

    Есіл аудандық әкімдігінің айтуынша, полицей көлігін тексрмек болып, тоқтап, капотын ашқан. Осы кезде ер адамды көрген патрульдік полиция қызметкерлері де тоқтаған.

    Бұзылық ауылының тұрғыны басқарған Volkswagen Passat полицияға қарай келе жатып, жолда тұрған көлікті соғып, полицейді қағып кеткен.

    Зардап шегуші ауруханаға жеткізілген. Оған миының шайқалуы, деен жарақаты мен аяқтарының сынуы диагнозын қойған.

    Сараптама нәтижесі екі жүргізушінің де мас емес екенін көрсеткен. Жол апатын жасаған ер адам да аудан орталығына жұмысқа бара жатқан.

    Қылмыстық іс қозғалды. Соқтығысудың алдын алуға мүмкіндік болған-болмағанын тексеру үшін сараптамалар жүргізілуде.

    Еске сала кетсек, Павлодарда Елгин және Яков Геринг көшелерінің қиылысында жол апаты болды. Жедел жәрдем жүргізушісі науқасты ауруханаға апара жатып, бағдаршамның қызыл түсіне өтпек болған, салдарынан жәрдем мен жол толғамайтын көлік соқтығысқан.

    Ақмола облысында әріптестерінің көзінше полицейді көлік қағып кетті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.