jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұрила Ермекбай
    Нұрила Ермекбай
    Бұрынғы қызметкер

    Шымкентте бұрынғы жоғары лауазымды шенеунік пен кәсіпкер сотталды

    Жеңіс Байымбетов
    Жеңіс Байымбетов. Фото: adilet-gazeti.kz

    Шымкент қаласының Әл-Фараби аудандық соты бүгін қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің бастығы қызметін атқарған Жеңіс Байымбетовке, сондай-ақ "Инвестстройпроект ЛТД" ЖШС басшысы Ақжол Айтбаевқа қатысты үкім шығарды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Екеуі де ҚР ҚК 189 бабы, 4 бөлімі (Аса ірі көлемде ақша жымқыру) бойынша айыпталған.

    Одан бөлек, бұрынғы бас сәулетшіге ҚР ҚК 218 бабы, 3 бөлімі (Қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе)өзге мүлікті заңдастыру) бойынша да айып тағылған.

    Іске судьялық етуші Мадияр Әбдірасіловтің айтуынша, сотталушылар 2019 жылы қылмыстық келісім жасасып, Шымкент қаласының аумағын топографиялық түсіруге бөлінген 498 миллион теңге бюджеттік қаражатты жымқырған.

    Қылмыстық жолмен келген ақшаны заңдастыру үшін Жеңіс Байымбетов жер учаскесін сатып алып, оны туған қарындасына рәсімдеген.

    Сонымен бірге сол жерде коммерциялық жылжымайтын мүлік құрылысын ұйымдастырған.

    Сот екі айыпталушыны да кінәлі деп танып, экс-шенеунікке 10 жыл бас бостандығынан айырып, заңсыз алынған мүлікті (жер учаскесін) тәркілеу жазасын тағайындаған.

    ЖШС басшысы 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Олар жазасын қауіпсіздігі орташа мекемеде өтейді. Сонымен бірге сотталушылар мемлекетке келтірілген шығынды өтеуі тиіс.

    Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

    Еске сала кетсек, Энергетика бұрынғы вице-министрі Анатолий Шкарупаға қатысты бюджеттік қаражатты аса ірі көлемде жұмсады және жымқырды деп айыпталған қылмыстық істі қарау ақталумен аяқталғанын жазған едік.

    Шымкентте бұрынғы жоғары лауазымды шенеунік пен кәсіпкер сотталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.