jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Сәке Қанатұлы
    Сәке Қанатұлы
    Бұрынғы қызметкер

    Атырауда төрт баланың анасы жаңа туған сәбиін қоқысқа тастаған

    Нәресте
    Көрнекі сурет: pixabay.com

    24 қаңтарда Қызылқоға ауданы Сағыз ауылында 35 жастағы келіншек жаңа туған сәбиін қоқыс жәшігіне тастаған деп хабарлайды Ақ Жайық басылымы.

    Басылым таратқан ақпаратқа сәйкес, қаны тоқтамаған келіншекке көмекке келген жәдел жәрдем қызметкерлері оның жас босанғанын анықтаған. Бірақ үйден шақалақты таппағасын, полиция қызметкерлеріне хабар берген.

    Көп кешікпей, жансыз шақалақ үйден 100 метрдей жердегі қоқыс жәшігінен табылды.

    Оның толыққанды, биологиялық жетілгені белгілі болды.

    Айта кетейік, келіншектің заңды некедегі жары мен төрт баласы бар. Бірақ бұл жолы жүктілігін жасырып, өз үйінің әжетханасында босанып қалған.

    Осы оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.

    Еске сала кетсек, Қостанайдың "Әуежай" ықшамауданындағы қоқыс контейнерлерінің бірінде аула тазалаушы сөмкеге оралған, кіндігі кесілмеген жаңа туған нәрестені тауып алған болатын.

    Дәрігерлер келген сәтте бала клиникалық өлім жағдайында болған. Өкінішке орай, реанимациялық шаралар баланы аман алып қала алмады. Нәресте көз жұмды.

    Кейін анасы табылып, іс "Жаңа туған баланы анасының өлтіру" бабы бойынша қаралды. Қостанай қаласының тұрғыны сот алдында жауап берді.

    "Тобол Инфо" хабарлағандай, оның әрекеттері қайта қаралған. Нәтижесінде оған абайсызда кісі өлімі бабы бойынша үкім шықты. Айыпталуыш келіншек 1,5 жылға шартты түрде сотталған.

    Процесс аясында сараптамалар жасалған. Олар барлығы психожарақаттану жағдайына байланысты себептерге қатысты болмаған деп тапқан. Сондай-ақ, әйел отбасынан жүктілігін жасырғаны белгілі болды.

    Атырауда төрт баланың анасы жаңа туған сәбиін қоқысқа тастаған

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.