jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Алматылық әйелдің шағымынан кейін екі бірдей дәрігер жұмыстан шығарылды

    Дәрігер
    Көрнекі фото: piqsels.com

    Алматы тұрғыны 5-ші қалалық аурухананың тіс дәрігеріне шағымданды. Egov.press порталында ол дәрігер қызметі үшін 10 мың теңге талап еткеніне, ал бас тартқаннан кейін жұмысын аяқсыз қалдырғанына шағымданған деп хабарлайды zakon.kz.

    Шағымда алматылық әйел өзінің 2016 жылғы баласын тісі ауырғандықтан, 5-ші қалалық ауруханаға алып келгенін сөз етеді.

    Оның айтуынша, іріңді кетіру үшін баласының қызылиегін тілу керек болған.

    "Бізді тіс дәрігері, 1993 жылы туған Насиров Маммадали қабылдады. Іріңдеу жағдайы үшінші рет қайталанғандықтан, тіліп, төртінші тісті алып тастау туралы шешім қабылданды. Процедураға кіріспестен бұрын тіс дәрігері оған 10 000 теңге төлеуіміз керектігін айтты", - дейді әйел.

    Алайда, тұрғынның сөзінше, ол 10000 теңгені беруден бас тартқаннан кейін дәрігер балаға соңына дейін көмек көрсетіп, тісін жұлып берудің орнына, қызылиегін тіліп қоя берген екен. Осы орайда әйел 18 жасқа дейінгі балалар мемлекеттік мекемелерде ақысыз медициналық көмек алуға құқылы екенін еске салды.

    Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі азаматшаның шағымы бойынша жұмыс тобы құрылып, қызметтік тергеу жүргізілгенін хабарлады.

    Тергеу қорытындысы бойынша келесі шаралар қолданылған:

    Бөлімге жауапты екі адамға сөгіс жарияланып, екі дәрігер қызметінен босатылған.

    "Мұндай жағдайлардың қайталануының алдын алу мақсатында қабылдау бөлімінің қызметкерлерімен кездесулер ұйымдастырылып, онда жұмыс тобының тергеу нәтижелері талданды", - деді басқармадан.

    Алматылық әйелдің шағымынан кейін екі бірдей дәрігер жұмыстан шығарылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.