jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұрила Ермекбай
    Нұрила Ермекбай
    Бұрынғы қызметкер

    Ақтөбеде прокурор 20 жастағы қыздың өлімі үшін гинекологты түрмеге тоғытуды сұрады

    Айдос Нұрмағанбетов
    Айдос Нұрмағанбетов. Фото: NUR.KZ

    2019 жылы күзде Ақтөбедегі медициналық орталықта гинекологтың жоспарлы процедурасынан кейін 20 жастағы пациент қайтыс болды. Қазір іс сотта қаралып жатыр. Прокурор дәрігерді 2,5 жыл бас бостандығынан айыру түрінде жаза кесуді сұраған деп хабарлайды "Диапазон".

    Тергеу деректеріне сүйенсек, 20 жастағы Гүлдана Нұрмағанбетова анафилактикалық шок салдарынан көз жұмған.

    Полицейлер өлім акушер-гинекологтың өзінің кәсіби міндеттерін дұрыс орындамауынан болды деп санайды.

    Мұндай реакцияны процедурадан бұрын енгізілген препарат тудыруы мүмкін. Пациент аллергиялық реакцияға тексерілмегені белгілі болған.

    Тыңдалым барысында мемлекеттік айыптаушы дәрігерді 2,5 жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза беруін сұраған.

    Алайда гинеколог кінәсін мойындамаған. Оның қорғаушыларының айтуынша, қыздың не себепті анафилактикалық шок алғаны анықталмаған. Сөздерінше, процедура барлық тиісті стандарттарға сай жүргізілген.

    Еске сала кетсек, бұған дейін Ақтөбедегі медициналық орталыққа өз аяғымен келген 20 жастағы келіншектің қайтыс болғанын хабарлаған едік.

    Марқұмның жолдасы Айдос Нұрмағанбетовтың сөзінше, қайғылы жағдай қаладағы медициналық орталығында болған. Емханаға еріп келген жолдасына әйелінің өлімін екі сағаттан соң ғана жеткізген.

    Нұрмағанбетов кінәлілердің заң алдында жауап беруін талап еткен болатын.

    Айта кетсек, Талғарда ауруханаға түскен науқастың туыстары жанжал шығарып, кезекші дәрігерді ұрып кеткен еді.

    Ақтөбеде прокурор 20 жастағы қыздың өлімі үшін гинекологты түрмеге тоғытуды сұрады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.