Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Талғардағы ауруханада пациенттің туыстары жанжал шығарып, дәрігерді ұрған (видео)

Опубликовано:

Ауруханадағы жағдай
Видеодан кадр: LIFE KZ YouTube арнасы

Талғарда ауруханаға түскен науқастың туыстары жанжал шығарып, кезекші дәрігерді ұрған. Полиция деректі тіркеп, тиісті сараптамалар тағайындалған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Талғар аудандық ауруханасында болған жайт туралы ақпарат LIFE KZ YouTube арнасында жарияланған.

Видео авторының айтуынша, медициналық мекемеде сорақы жағдай орын алған. Аппендицит белгісімен ауруханаға жеткізілген пациенттің туыстары кезекшіліктегі хирургқа дене жарақатын салған.

"Мұндай фактілер жариялануы керек. Олар құқық қорғау органдары мен денсаулық сақтау органдарының назарынан тыс қалмауы тиіс. Медицина қызметкерлері мемлекет қорғауында болып, азаматтарымыздың өмірін құтқару және денсаулығын сақтау бойынша өз міндетін үрейсіз атқаруы керек", - делінген роликте.

Полицияның хабарлауынша, факті тіркеліп, тиісті сараптамалар тағайындалған.

"Жанжалдың қатысушылары анықталды. Қазіргі уақытта жарақаттың ауырлық деңгейін анықтау үшін сот-медициналық сараптамасы тағайындалды. Кешенді жүргізілген іс-шаралардың қорытындысы бойынша нақты процессуалдық шешім қабылданатын болады", - дейді Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Сонымен бірге өңірлік денсаулық сақтау басқармасы да ауруханадағы жайтқа қатысты пікір білдірді. Ведомство зардап шеккен дәрігер әріптестерінің бақылауында екенін хабарлады.

"Факті расымен де тіркелді. Қазір зардап шеккен дәрігер травматологиялық бөлімде жатыр. Оның жағдайы қанағаттанарлық", - дейді денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Ләйлім Әубәкірова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1901366-talgardagy-auruxanada-pacienttin-tuystary-zanzal-sygaryp-darigerdi-urgan-video/

pixel