jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Нұрила Ермекбай
    Нұрила Ермекбай
    Бұрынғы қызметкер

    Ақтөбеде 25 жастағы жігіт ұйықтап жатқан әйелді өлтіріп қойды

    Ұйқы
    Көрнекі фото: pixabay.com

    Ақтөбеде 25 жастағы ер адам жеке үйлердің біріне түнде кіріп, ұйықтап жатқан әйелді пышақтап тастаған. Бұл іс туралы облыстық соттың баспасөз қызметі айтты деп хабарлайды "Диапазон".

    Жас жігіт 40 жастағы тұрғынның үйіне кіріп кеткен. Ер адам ұйықтап жатқан әйелге шабуыл жасап, пышақ жарақатын салған. Зардап шеккен әйел ауруханаға бара жатқан жолда қайтыс болған.

    Сотта жас жігіттің созылмалы психикалық ауытқушылығы бар екені анықталған. Қылмыс жасалған түні ер адамда дыбыс елестері болыпты. Сол себепті оны кісі өлтіргені үшін қылмыстық жауапкершіліктен босатқан.

    Қылмыстық істер бойынша мамандандырылған сот оған психиатриялық ауруханада қарқынды қадағалаумен мәжбүрлеп емдеу туралы шешім шығарған.

    Еске сала кетсек, Таразда ер адам қалалық сот ғимаратын жарып жібермек болғанын жазған едік.

    1971 жылы туған ер адамның 2000 жылдан бастап психиатриялық есепте тұрғаны белгілі болды. Тараз қаласының №2 соты оны мәжбүрлеп емдеуге жіберген.

    Сонымен бірге, Түркістан облысында танысын бопсалап, ақша талап еткен 33 жастағы азаматқа қатысты қылмыстық істі қарау аяқталды. Ол танысының туған ағасының әйелімен жақындасқан видеосын желіге салатынын айтып қорқытқан.

    Одан бөлек, Ақтөбеде көпқабатты үйлердің бірінің кіреберісінен 42 жастағы ер адамның мәйіті табылған еді.

    Патрульдік полиция қызметкерлері осы қылмысты жасады деген күдікпен “ізін суытпай” 32 жастағы ер адамды ұстады.

    Ақтөбеде 25 жастағы жігіт ұйықтап жатқан әйелді өлтіріп қойды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.