Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеде 42 жастағы ер адамның денесі үйдің кіреберісінен табылды

Опубликовано:

Адамның қолы
Фото: Facebook

Ақтөбеде көпқабатты үйлердің бірінің кіреберісінен 42 жастағы ер адамның мәйіті табылды деп хабарлайды ІІМ ресми сайты Polisia.kz.

6 наурызда Ақтөбе қаласы ПБ ЖБО-ның “102” телефонына жедел медициналық көмек операторынан К.Оспанов көшесіндегі көпқабатты үйдің кіреберістерінің бірінде 4-қабаттағы баспалдақ алаңында пышақ жарақатын алған ер адамның табылғаны туралы хабарлама келіп түсті.

Көрсетілген мекенжайға дереу жедел тергеу тобы жіберіліп, онда зорлықпен өлім белгілері бар 42 жастағы ер адамның мәйіті табылды.

Патрульдік полиция қызметкерлері осы қылмысты жасады деген күдікпен “ізін суытпай” 32 жастағы ер адамды ұстады.

Алдын ала тергеу барысында үйдің ішінде ер адамдар ішімдік ішіп, жан-жал кезінде күдікті ішімдік ішетін адамға бірнеше рет пышақ салғаны белгілі болды.

Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Күдікті ҚР ҚПК 128-бабының тәртібімен Ақтөбе қ.УҰИ-ға қамауға алынды. ҚР ҚК-нің 99-бабы (Адам өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1903084-aqtobede-42-zastagy-er-adamnyn-denesi-tabyldy/

pixel