jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұрила Ермекбай
    Нұрила Ермекбай
    Бұрынғы қызметкер

    Алматы облысында қайтыс болған ер адамның баласы медқызметкерлерге пышақпен шабуылдады

    Жедел жәрдем1
    Көрнекі фото: NUR.KZ

    Пышақпен қаруланған ауыл тұрғыны жедел жәрдем қызметінің бригадасына шабуыл жасады. Ер адам жүргізушіні баяу жүрдің деп айыптап, оны ұрып тастаған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Алматы облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    Оқиғаның 15 наурызда Еңбекшіқазақ ауданында болғаны белгілі болды. Жергілікті аурухананың медициналық жедел жәрдем бригадасы шақырту түскен "Саяжай" саяжайына сағат 16:17-де шығып кеткен. Қолайсыз ауа райы салдарынан жолға 15 минут кеткен.

    Оқиға орнына келген дәрігерлер 57 жастағы науқастың биологиялық өлімін тіркеген. Әкесінің өлгеніне сенбеген 34 жастағы ер адам медқызметкерлерді пышақпен қорқытқан.

    Нәтижесінде ашуға булыққан ер адам дәрігерлерді марқұмның денесін ауруханаға апаруға мәжбүрлеген.

    "Жолда ер адам бейәдеп сөздер айтып, жедел жәрдем көлігі жүргізушісінің бетінен ұрған. Қабылдау бөліміне келген ол қорқытуын жалғастырған. Кейінірек ол жүргізушіні ұрып, оған ауыр жарақат салған.

    Зардап шегушіге травматологтың көмегі қажет болды. Кейінірек ол көпсалалы ауданаралық ауруханаға жатқызылды. Аталған факті бойынша тиісті арыз қолданыстағы заңнама аясында қажетті шара қабылдау үшін полицияға жіберілді", - дейді өңірлік денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ләйлім Әубәкірова.

    Зардап шеккен жүргізушіге жабық бас-ми жарақаты, бас миының шайқалуы, кеңсіріктің сынуы диагнозы қойылғған.

    Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі де аталған факті бойынша пікір білдірді.

    Ведомствоның хабарлауынша, арыз Қылмыстық кодекстің 107 бабы (Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру) бойынша тіркелген. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.

    Алматы облысында қайтыс болған ер адамның баласы медқызметкерлерге пышақпен шабуылдады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.