jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұрила Ермекбай
    Нұрила Ермекбай
    Бұрынғы қызметкер

    Ақша немесе балалардың өмірі: Желіде Алматыдағы жалған террористің хаты пайда болды

    Саперлер
    Оқиға орны. Фото: Алматы қаласы ПД

    Алматыда 19 наурыз күні 34 мектептің директорына жарылыс болатыны туралы хабарлама келді. Белгісіз біреу оқу ғимаратына жарылғыш зат қойылғанын хабарлаған еді.

    Қаскөйдің директорларға жіберген хатын "Еуразия бірінші арнасының" журналистері көрсетті.

    Күдікті өзін Азиз Сафаров тобының жетекшісі ретінде таныстырған. Сонымен бірге оның электрондық поштасында "terrorist" деген сөз болған.

    "Сәлеметсіз бе, менің аты-жөнім Азиз Сафаров. Бірақ қазір бұл туралы емес, сіздің оқу ғимаратыңызға жарылғыш зат қойылған. Ол 15:00-де іске қосылады. Балалардың өмірін сақтағыңыз келе ме? Мархабат!", - делінген хатта.

    Хат
    Видеодан кадр: 1tv.kz

    Сонымен бірге жалған террорист телефон нөмірін көрсетіп, онда 500 мың салуды талап еткен. Алайда ақшаны қандай валютамен салу керектігін айтпаған.

    "Егер жоғарыда көрсетілген шарт орындалмаған жағдайда сіздің мектебіңіз қирап қалады. Кішкентай балалардың мәйіті үйінді астында жататын болады. Уақыт шектеулі, бәрі сіздердің қолыңызда", - дейді ол.

    Қаскөйдің хатында көрсетілген телеграм арна осы жылдың 9 наурызында ашылған. Ол жерде 16 наурыз күні автормен байланысу үшін сілтеме көрсетілген бір ғана пост жарияланған екен.

    Еске сала кетсек, белгісіз азамат Алматыдағы 12 мектептің поштасына оларды жарып жіберетіні жайы жазылған хат жіберген еді.

    Кейінірек, осындай сипаттағы хаттың тағы 22 мектепке жіберілген белгілі болды.

    Айта кетсек, саперлер барлық ғимаратты текеріп, ешқандай жарлығыш зат тапқан жоқ.

    Ақша немесе балалардың өмірі: Желіде Алматыдағы жалған террористің хаты пайда болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.