jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ұлжан Ибраим
    Ұлжан Ибраим
    Бұрынғы қызметкер

    Елордада ер адам "Тапсырыспен адам өлтіру" деген жазуы бар көлікпен жүрген

    Көлікте отырған ер адам
    Көрнекі фото: piqsels.com

    Нұр-Сұлтан қаласында көлігінде "Тапсырыспен адам өлтіру" деген жазуы бар ер адам ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    Көлік бүгін әлеуметтік желілерге мониоринг жүргізу барысында Мәңгілік ел көшесінде анықталған. Елорда полицейлері көлікті бір сағаттың ішінде тапты. Жүргізушінің айтуынша, артқы терезесінің шынысында "Тапсырыспен адам өлтіру" жазуы бар көлікті ол бір ай бұрын Петропавл қаласында сатып алған, бірақ жазуды өшірмеген.

    Бұдан басқа, тексеру кезінде 27 жастағы ер адамның көлік жүргізу құжаттарының болмағаны анықталды. Ол техникалық регламент талаптарына сәйкес келмейтін көлікті жүргізгені және жүргізуші куәлігінің болмағаны үшін ҚР Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы кодекстің 590-бабының 5-бөлімі және 612-баптың 5-бөлімі бойынша әкімшілік жауапқа тартылды.

    Көлік коммуналдық тұраққа қойылды, ондағы жазуды жүргізушісі сол жерде өшіріп тастады.

    Айта кетейік, 60 жастағы Түркия азаматы Ақтөбе облысының тұрғынын көлікпен қағып кетті деп күдіктелуде.

    Ведомствоның мәліметінше, 14 сәуірде сағат 21.50-де Iveco автокөлігінің 60 жастағы жүргізушісі, Түркия азаматы Оңтүстік айналма жолмен Заречный-1 ауылына қарай келе жатқан. Кенет ол белгіленбеген жерден жолды кесіп өтпек болған 44 жастағы әйелді қағып кеткен.

    Жәбірленуші жансақтау бөліміне жеткізілген, алайда келесі күні қайтыс болған.

    "Аталған факті бойынша қылмыстық кодекстің 345-бабы, 3-бөлігі (абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол жүру ережесін бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде", – деп хабарлады Ақтөбе облысының полиция департаменті.

    Елордада ер адам "Тапсырыспен адам өлтіру" деген жазуы бар көлікпен жүрген

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.