jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Сәке Қанатұлы
    Сәке Қанатұлы
    Бұрынғы қызметкер

    Петропавл әкімдігінің бөлім басшысы 150 мың теңге пара алды деген күдікке ілінді

    Ақша теңге1
    Көрнекі фото: NUR.KZ

    Солтүстік Қазақстан облысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Петропавл қаласы әкімдігінің Кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі басшысын пара алды деген күдікпен ұстады деп хабарлайды Қазақпарат.

    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің мәліметінше, Петропавл қаласы әкімдігінің Кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінің басшысы күзет агенттіктерінің бірінің директорынан 150 мың теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінген.

    Лауазымды тұлға бұл соманы мемлекеттік сатып алу шартына сәйкес мемлекеттік нысандардың бірін күзету бойынша орындалған жұмыстардың актілеріне кедергісіз қол қойғаны үшін алған.

    Мамандардың сөзінше, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің мән-жайы тергеу мүддесінде жария етілмейді.

    Күдіктілерге қатысты түпкілікті шешімді олардың кінәсінің дәрежесін анықтай отырып, сот шығарады.

    Естеріңізге сала кетейік, Медеу аудандық сотының судьясы алаяқтық жасады деген күдікке ілініп, оған қатысты соталды тергеу ісі басталды.

    Алматы қалалық сотының ішкі қауіпсіздік бөлімі және Алматы қаласы ҰҚК департаменті судьяға қатысты біріккен тексеріс жүргізді. "Нәтижесінде ҰҚК Қылмыстық кодекстің 190-бабы 2-тармағы 4-бөлімі бойынша соталды тергеуді бастады. Бас прокурор соталды тергеуді жалғастыруға рұқсат етті", - делінген хабарламада. Тінту кезінде судьядан ірі көлемде қаржы сомасы табылған. Басқа мәлімет тергеуге мүддесіне байланысты жария етілмейді деді баспасөз қызметі.

    Петропавл әкімдігінің бөлім басшысы 150 мың теңге пара алды деген күдікке ілінді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.