Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Екі млн доллар": Алматыда аудандық судья аса ірі көлемде пара алды деген күдікке ілінді

Опубликовано:

cудья
Көрнекі фото: Pixabay.com

Медеу аудандық сотының судьясы алаяқтық жасады деген күдікке ілініп, оған қатысты соталды тергеу ісі басталды деп мәлімдеді Sputnik Қазақстанға Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі.

Алматы қалалық сотының ішкі қауіпсіздік бөлімі және Алматы қаласы ҰҚК департаменті судьяға қатысты біріккен тексеріс жүргізді.

"Нәтижесінде ҰҚК Қылмыстық кодекстің 190-бабы 2-тармағы 4-бөлімі бойынша соталды тергеуді бастады. Бас прокурор соталды тергеуді жалғастыруға рұқсат етті", - делінген хабарламада.

Тінту кезінде судьядан ірі көлемде қаржы сомасы табылған. Басқа мәлімет тергеуге мүддесіне байланысты жария етілмейді деді баспасөз қызметі.

Ал заңгер Айгүл Орынбектің Facebook-тегі парақшасында аудандық судьяның аты-жөні мен тінту кезінде қанша ақша табылғаны жөнінде ақпарат жария болды.

"Алматы қаласы Медеу ауданы судьясы Светлана Жолманова парамен ұсталды. Кабинетінде 4500$, үйін тінту барысында 2 800 000 $. Ал жеке көлігінде 600 000 $. Застройщиктен - 1 180 000 доллар пара алған! Бір жәй ғана судьяның өзі осындай парамен ұсталып отырса, төрағалар жұтып жатқан шығар иә?", - дейді заңгер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1910348-eki-mln-dollar-almatyda-audandyq-sudya-asa-iri-kolemde-para-aldy-degen-kudikke-ilindi/

pixel