jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Сәке Қанатұлы
    Сәке Қанатұлы
    Бұрынғы қызметкер

    Шымкент маңындағы ауылдардың бірінде қой бағып жүрген ер адам граната тауып алды (фото)

    Фото
    Фото: polisia.kz

    Шымкент қаласының маңындағы ауылдардың бірінен бомба табылды деп хабарлайды Polisia.kz.

    Басылым ұсынған ақпаратқа сәйкес, 2021 жылдың 11 мамыр күні жергілікті тұрғын қала аумағындағы ауылдардың бірінде қой бағып жүрген кезінде гранатаға ұқсас затты тауып алған.

    Кейін болған жағдайды Шымкент қалалық полиция департаментінің Еңбекші аудандық полиция басқармасының кезекші бөліміне хабарлаған. 

    Аталған хабарлама бойынша тәртіп сақшылары шақырту болған жерге шұғыл барды. Тексеру барысында қара түсті граната анықталып, қоршауға алынып залалсыздандырылды. 

    Осы орайда Шымкент қаласының полиция департаменті жарылғыш затты тапқан кезде одан алыстап, ықтимал қауіп туралы айналадағы азаматтарға ескертіп, тез арады полицияға “102” телефоны бойынша хабарлауға кеңес береді.

    Еске сала кетсек, белгісіз азамат Алматыдағы 12 мектептің поштасына оларды жарып жіберетіні жайы жазылған хат жіберген еді.

    "Бұл туралы 12 жалпы білім беру мекемесінің электронды поштасына келген хаттардан белгілі болды. Онда белгісіз азамат ақша жіберуді талап етеді. Ақша жібермеген жағдайда ол мектеп ғимаратын жарып жіберемін деп қорқытуда", - дейді полиция департаментінде.

    Бүгінде бұл ғимараттарды саперлар тексеріп жатыр. Аталған фактіге қатысты қылмыстық кодекстің 273-бабы - "Терроризм актісі қатерінің туындауы туралы көрінеу жалған ақпарат" дерегі бойынша қылмыстық іс тіркелді.

    "Жасырын хат жолдаушының жеке басын анықтау және оны одан әрі ұстау бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде", - деп толықтырды полицейлер.

    Шымкент маңындағы ауылдардың бірінде қой бағып жүрген ер адам граната тауып алды (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.