jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Азамат Қабетов
    Азамат Қабетов
    Бұрынғы қызметкер

    "Астана LRT" ісі: Прокурор айыпталушыларды 7 және 11 жылға соттауды сұрады

    Алаяқ1
    Фото: sputniknews.kz

    "Астана LRT" ісі бойынша онлайн сот отырысында прокурор айыпталушыларды 7 жылдан 11 жылға дейін бас бостандығынан айыруды сұрады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Прокурор Диас Янгалышов сотталушылар үшін келесі мерзімдерді жариялады:

    • Рашид Аманжолов – мүлкін тәркілеу, мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда лауазымдар атқаруға тыйым салумен қатар, 11 жылға бас бостандығынан айыру.
    • Ұлықбек Ачилов – мүлкін тәркілеумен қатар, 11 жылға бас бостандығынан айыру.
    • Жанат Нұрпейісов – мүлкін тәркілеу, мемлекеттік қызметте, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, Ұлттық банк пен оның ведомстволарында, квазимемлекеттік ұйымдарда 5 жыл лауазымды қызмет атқаруға тыйым салу, 9 жыл бас бостандығынан айыру, жазасын қауіпсіздігі орташа колонияда өтеу, "Құрмет" орденінен айыру.
    • Талғат Әшім – мүлкін тәркілеу, мемлекеттік қызмет пен квазимемлекеттік сектордағы лауазымдарға тыйым салумен қатар, 8 жылға бас бостандығынан айыру,
    • Тимур Касабаев – мүлкін тәркілеу, 8 жылға бас бостандығынан айыру,
    • Дулат Мусенов – мүлкін тәркілеу, 7 жылға бас бостандығынан айыру,
    • Дәурен Әбдіхамитов – мүлкін тәркілеу, 11 жылға бас бостандығынан айыру.

    Прокурор сонымен бірге сотталушылардан 4,2 млн теңге көлеміндегі процессуалдық шығындарды өндіріп, "Астана LRT" ЖШС-нің, қазіргі кездегі "CTS" ЖШС-нің қылмыспен мүліктік зиян келтіру бөлігінде азаматтық талапты 5,8 млрд үлестік негізде қанағаттандыруды сұрады.

    "Астана LRT" ісі: Прокурор айыпталушыларды 7 және 11 жылға соттауды сұрады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.