jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Сәке Қанатұлы
    Сәке Қанатұлы
    Бұрынғы қызметкер

    Жамбыл облысында соңғы қоңыраудан кейін 70-тен астам жасөспірім полицияға жеткізілген

    Фото
    Көрнекі фото: Sputnik / Тимур Батыршин

    Жамбыл облысында соңғы қоңыраудан кейін 70-тен астам жасөспірім полицияға жеткізілген деп хабарлайды Қазақпарат.

    Басылым мәліметінше, құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу, сонымен қатар кәмелетке толмағандарды қылмыстық ортаға тартуды болдырмау мақсатында ағымдағы жылдың 25 мамырында Жамбыл облысының барлық мектептерінде соңғы қоңырау мерекесіне арналған іс-шаралар кезінде полиция қызметкерлері жастар көп жиналатын орындарда патрульдік қызмет жасақтарының жұмысын күшейткен.

    Сонымен қатар тәртіп сақшылары шомылу орындарын да қадағалауға алған.

    Одан бөлек, қоғамдық тәртіпті бұзуды, оның ішінде мектеп оқушыларының қатысуымен орын алуы мүмкін жол-көлік оқиғаларының алдын алуға қатысты жағдайды бақылау мақсатында полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі басқармасы, қалалық және аудандық полиция бөлімдерінің басшылары қатарынан жедел штабтар құрылған.

    Нәтижесінде ішкі істер органдарына кәмелетке толмаған 72 бала жеткізілген.

    76 ата-ана мен өзге де заңды өкілдер әкімшілік жауапкершілікке тартылғаны белгілі болды.

    Жамбыл облысының полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі басқармасы ювеналды полиция тобының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы полиция полковнигі Қуанышбек Қалжановтың айтуынша, кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде болғаны үшін кафе-бардың 2 иесі жауапкершілікке тартылған.

    Дүкеннің екі иесі-алкоголь өнімдерін сату ережелері туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшін, 71 ата-ана кәмелетке толмаған балаларының түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде және тұрғын үйден тыс жерде болғаны үшін жазаланды.

    "Тұтастай алғанда, облыс бойынша іс-шаралар өткізу барысында төтенше жағдайлар орын алған жоқ. Кәмелетке толмағандарды заңсыз әрекеттерге тарту деректері анықталмады", - деді ол.

    Жамбыл облысында соңғы қоңыраудан кейін 70-тен астам жасөспірім полицияға жеткізілген

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.