jitsu gif branding logo appbranding logo app
Оқыс оқиға

    Танысынан қыруар қаржы бопсалаған 22 жастағы қыз ұсталды

    Кісен
    Көрнекі сурет: pixabay.com

    Таныс әйелден жарты жыл бойы 2,5 миллион теңге ақша бопсалап келген Көкшетау қаласының 22 жастағы тұрғыны ұсталды деп хабарлайды ҚазАқпарат.

    Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, мамырдың 30-да қалалық ПБ кезекшілік бөліміне ірі көлемде бопсалау туралы арыз түскен.

    "Өңір тұрғыны 2020 жылдың күзінен бастап 2021 жылдың мамырына дейін танысынан 2,5 млн теңге көлемінде ақша қаражатын бопсалағаны анықталды. Жәбірленуші бұл ақшаны қаскүнемге және оның достарының банк карталарына жіберіп отырған. Осы бойынша департаменттің тергеу басқармасы Қылмыстық кодекстің 194 бабы "бопсалаушылық" бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады", - деп түсіндірді ведомстводан.

    Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Көкшетау қаласының аумағында криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері осы қылмысқа күдікті ретінде облыс орталығының 22 жастағы тұрғынын ұстады.

    Белгілі болғандай, күдікті бірнеше ай бойы қорқыту және бопсалау арқылы жәбірленушіні әшкерелейтін ақпаратты таратпағаны үшін әйелден ақша талап еткен.

    Еске сала кетейік, бұған дейін Шығыс Қазақстан облысында 17 жастағы бойжеткен зейнеткердің 20 мың теңгесін қолды қылғанын жазған едік.

    Шемонаиха ауданының 69 жастағы тұрғыны зейнетақысын алу үшін банкоматқа келген. Сөмкесін ақтарған зейнеткер көзілдірігін үйде қалдырып кеткенін түсінеді. Кейін банкоматтың жанында тұрған бейтаныс бойжеткеннен көмек сұраған.

    Артық ойы жоқ кейуана өз қартасының пин-кодын бейтаныс қызға айтып, 40 мың теңге шешіп беруін өтінген. Алайда 40 мыңның орнына 20 мың теңгесін ғана қолына ұстатқан.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.