jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    Кәмелеттік жасқа толмаған қызды зорлаған алматылық 20 жылға сотталды

    Мектеп оқушысы
    Көрнекі фото: Sputnik / Табылды Кадырбеков

    Алматыда кәмелеттік жасқа толмаған қызға жыныстық зорлық жасады деген айыпталушы 20 жылға бас бостандығынан айырылды деп хабарлайды ІІМ ресми сайты Polisia.kz.

    Сотталушы Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 121-бабы 4-бөлігі бойынша айыпталуда. Істі қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қарады. Б.есімді ер адам сотқа жіберілді.

    Бұл оқиға өткен жылдың қараша айында Алматының Наурызбай ауданы, “Премьера” тұрғын үй кешені үйлерінің бірінде орын алған. Алкогольдік мас күйде болып, үйге кеш келген. Ол қызды өзі ұйықтатамын деген сылтаумен бөлмеге кіргізді. Ешкім оған қылмыстық ниетін жүзеге асыруға кедергі жасай алмады, өзінің жыныстық қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін зорлық-зомбылық жасады.

    Тергеу де, сот та бұл іс бойынша жеңілдететін мән-жайларды таба алмады. Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, Б.есімді ер адам 20 жылға бас бостандығынан айырылды.

    Кәмелеттік жасқа толмаған қызды зорлаған алматылық 20 жылға сотталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.