jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Оралдық ару өзін зорлаған адамдарды куәгер ретінде бостандыққа жібере салғанына күйінді

    Такси қызметі
    Көрнекі фото: pexels.com

    Оралдық бойжеткен өзін такси жүргізушісі танысымен бірге зорлағанын айтты. Алайда полиция күдіктілерді куәгер ретінде танып, бостандықта қалдырған. Жәбірленушінің адвокаты полицияның әрекетіне наразылық танытып, облыстық прокуратура мен БҚО полиция департаментіне шағымданған деп хабарлайды Уральская неделя.

    Басылымның мәліетінше, оқиға 7 тамыз күні кешкі уақытта болған. Құрбысының үйінде қонақта болған қыз мобильді қосымша арқылы такси шақырған. Осылайша, аялдама жанынан таксиге отырып кеткен.

    "Салонда тағы бір азамат отырды. Мен оны басқа жолаушы деп ойладым", - дейді жәбірленуші.

    Біршама уақыттан соң жүргізуші бағытын өзгертіп, есіктерді құлыптап, қала сыртына шығып кеткен. Көлікті тоқтатып, салоннан шыққан сәтте бойжеткенге жолаушы тап берген.

    "Мен қарсы келмес үшін ол мені тұншықтыра бастады", - дейді бойжеткен.

    Артынша қызды такси жүргізушісі зорлай бастаған. Одан кейін азаматтар өз құрбанын "Птицефабрика" ауданындағы бір үйге апарып, зорлық әрекетін жалғастырған. Ал таңертең қызды өз пәтеріне жеткізіп тастаған. Жәбірленуші бірден полиция жасағын шақырған.

    Бойжеткеннің сөзінше, полиция телефон нөмірлер арқылы зорлық жасаған азаматтардың тұлғасын анықтаған. Олар полицияға жеткізіліп, алғашқы жауап алуда олар өз кінәсін мойындаған.

    Полиция күдіктілердің екеуіне қатысты 120-баптың 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғаған.

    Аталған бап 9 жылдан 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады.

    Алайда, тергеуші күдіктілерді куәгер ретінде танып, ешқайда кетпеу туралы қолхатпен бостандыққа жіберген.

    "Өте ауыр бап бойынша айып тағылып отыр. Сондықтан күдіктілерге неге куәгер мәртебесін беріп, бостандықта қалдырғаны түсініксіз болып тұр", - дейді жәбірленушінің адвокаты Мереке Ғабдуалиев.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.