jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Сәке Қанатұлы
    Сәке Қанатұлы
    Бұрынғы қызметкер

    Қостанай облысында атыс болды: Қаза тапқандар бар (видео)

    Полиция
    Фото: Қостанай облысының полиция департаменті

    Қостанай облысының Лисаков көршілеріне оқ атқан зейнеткер көз жұмды. Сонымен қатар оқиға салдарынан жарақат алған әйел де көз жұмды деп хабарлайды Қазақпарат.

    Қостанай облысының полиция департаменті ұсынған ақпаратқа сәйкес, Лисаков қаласының №3 шағын ауданындағы №18 көпқабатты үйдің ауласында белгісіз біреу оқ атқан.

    "Бүгін сағат 11:00 шамасында Лисаков полиция бөлімінің 102 пультіне 3-шағын аудан тұрғын үйінің ауласында белгісіз біреу қарумен жүргені туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы дереу жіберілді.

    Күдікті келген полиция қызметкерлеріне қарай оқ атып, салдарынан жедел-тергеу тобының тергеушісі жарақат алды. Артынша күдікті үйдің кіреберісінде жасырынған.

    Қудалау барысында ол тәртіп сақшыларына оқ атуды жалғастырды. Тұрғындардың қауіпсіздігі және күдіктіні ұстау үшін полиция қызметкерлері қару қолдануға мәжбүр болды және күдікті жарақат алды. Ізінше жарақат алған адам өз пәтеріне қашып, сол жерде ұсталды. Үйдің кіреберісінде жарақаты бар екі әйел анықталды", - делінген хабарламада.

    Сонымен қатар, ішкі істер қызметкерлері зардап шеккендерге көмек көрсету үшін оқиға орнына жедел жәрдем шақырған.

    Полиция күдікті алған жарақаты салдарынан ауруханадан көз жұмғанын жеткізді.

    "Сонымен қатар, жарақат алған әйелдердің бірі қайтыс болды. Қазіргі кезде қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп, өз кезегінде Прокуратура органдары қаруды қолданудың заңдылығын зерттеп жатыр. Алдын ала тергеу нәтижесінде белгілі болғандай көршілер арасындағы қанды оқиға үйге жөндеу жұмысын жасауға қатысты мәселеден туындаған. Мәселені шешу мақсатында 66 жастағы зейнеткер қолына қару алған",- делінген хабарламада.

    Қостанай облысында атыс болды: Қаза тапқандар бар (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.