"Антикор" Нұр-Сұлтан мен Шымкентте және бірқатар облыста арнайы операция жүргізіп жатыр
Опубликовано:
Қазақстанның жеті облысында ауқымды ұстау операциясы жүргізіліп жатыр. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі хабарлады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мәліметінше, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларында, сондай-ақ Түркістан, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Ақмола және Ақтөбе облыстарында ұстау операциялары жүріп жатыр.
Бұл жедел әрекеттер ауыл шаруашылығы субсидияларын ұрлаумен байланысты екені хабарланды.
Басқа мәліметтер әзірге жарияланбайды.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/1939972-antikor-nur-sultan-men-symkentte-zane-birqatar-oblysta-arnaiy-operaciya-zurgizip-zatyr/