jitsu gif
Оқыс оқиға

    Қаскелеңде ер адам тапа-тал түсте оқушы қызға шабуыл жасаған (видео)

    Кадр
    Видеодан кадр: Zakon.kz/VK

    Алматы облысында Өзбекстан азаматы тапа-тал түсте оқушы қызға тап берді. Оқиға Алматы облысының Қаскелең қаласында болған, деп хабарлайды Қазақпарат.

    Бұл ақпаратты Алматы облыстық полиция департаменті растады.

    Ведомство мәліметінше, оқиға 16 қараша күндізгі сағат 13:00 шамасында Қарасай ауданының Қаскелең қаласындағы Қарасай батыр көшесінде болған.

    "Осы жайтқа байланысты полицияға көмек сұрап хабарласты. Оқиға орнына жеткенде тәртіп сақшыларына әйел адам арызданып, оның 12 жасар қызына шамамен 35-40 жастағы ер адамның тап бергенін жеткізген",- делінген хабарламада.

    Аталған факті бойынша 39 жастағы ер адам ұсталып, Қарасай ауданының полиция басқармасына жеткізілгені белгілі болды.

    Оқушының сөзінше, ол мектепке бара жатқанда артынан белгісіз ер азамат келіп, тап беріп, ақша талап еткен. Бірақ оқушы одан құтылып, қайта мектепке қарай жүрген.

    "Бірақ сол ер азамат дәл аялдаманың тұсында оқушы қызға қайта тап беріп, күшпен аялдаманың орындығына отырғызып қойған. Сол сәтте өзге адамдар оқушы қызға көмекке келіп, ал тап берген ер азамат оқиға орнынан қашып кеткен",- деді полиция департаменті.

    Қазір аталған факті Қылмыстық кодекстің 191 бабының 24 бабы 3 тармағы бойынша тіркелді. Т

    Тергеу барысында қажетті сараптамалар тағайындалады.

    Ведомство ұсталған ер адам - Өзбекстан елінің азаматы екенін мәлімдеді.

    Оның 30 тәулікке қамауға алынғаны хабарланды.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.