jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Риза Шайқақ
    Риза Шайқақ
    Бұрынғы қызметкер

    Талдықорғандағы жаппай тәртіпсіздік: Күдіктілер қару-жарақпен ұсталды (фото)

    www.instagram.com/police_almobl
    Фото: www.instagram.com/police_almobl

    Жаппай тәртіпсіздік кезінде Талдықорған қаласынан қару-жарақ ұрлаған Кербұлақ ауданының тұрғындары қамаққа алынды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Алматы облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    Кербұлақ ауданының тұрғындары қаңтар айының басында Алматы облысының орталығы Талдықорған қаласында болған жаппай тәртіпсіздікке қатысты деген күдікпен ұсталып, уақытша қамаққа алынды.

    "Жедел іздестіру шаралары барысында қылмысқа қатысы бар деген күдікпен 1989 жылы туған тұрғын ұсталды. Тәртіп сақшылары келтірген айғақтардан кейін ол тәртіпсіздік кезінде заңсыз алып кеткен қару жарақтарын қайтарып, сыбайластарының жеке тұлғаларын айқындап берді",- деді Кербұлақ ауданы ПБ бастығының орынбасары полиция майоры Алмас Бекиев.

    Ұсталған тұрғынның айтуынша, ол таныстарымен бірге Талдықорған қаласындағы бейбіт шеруге қатысуға барған.

    Сол түні болған жаппай тәртіпсіздік кезінде күдіктілер белгісіз адамдардан Калашников автоматын, Макаров тапаншасын және олардың оқ-дәрілерін алып, көліктеріне салып қойған.

    Сонымен қатар, олар мекемелердің бірінен автокөліктің 4 дана дөңгелегін олжалаған. Заңсыз тапқан дүниелерін сыбайластар өзара бөлісіп алған.

    "Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 287-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. 6 тұрғын қылмысқа қатысы бар деген күдікпен уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Олардан тәртіп сақшылардан қолды болған автомат пен тапаншалар, олардың оқ-дәрілері, көлік дөңгелектері тәркіленіп, іс материалдарына айғақзат ретінде тіркелді",- деп толықтырды полиция майоры Алмас Бекиев.

    Тәртіп сақшылары тергеу барысында күдіктілердің әрекеттерін және олардың осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы барын анықтайтын болады. Сонымен қатар, олар қандай мақсатта атыс қарулары мен оқ-дәрілерін иемденіп, алып кеткенін тексереді.

    Талдықорғандағы жаппай тәртіпсіздік: Күдіктілер қару-жарақпен ұсталды (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.