jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер

    Алматы облысында қараусыз қалған ғимараттан екі тапанша табылды

    Қару
    Фото: Polisia.kz

    Алматы облысының полицейлері қараусыз қалған ғимаратты тексеру барысында екі тапанша мен оқ-дәрілер тапты, деп хабарлайды ІІМ ресми сайты Polisia.kz.

    19 қаңтар күні аудандағы орталық ауруханаға қарсы орналасқан иесіз ғимаратты тексеру кезінде атыс қаруы табылған. Ол жерден екі Макаров тапаншасы, тапаншаларға арналған төрт оқпан және 28 оқ-дәрі тәркіленген.

    Сонымен қатар, қару-жарақтың жанында құралдарды белбеуге қыстыратын арнайы бекіту заттары табылды.

    Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Салыстыру нәтижесінде бұл атыс қарулары жаппай тәртіпсіздік кезінде Талдықорған қаласының полиция басқармасы ғимаратынан ұрланғаны анықталды.

    Табылған барлық қару-жарақ қылмыстық іс материалдарына тіркеу үшін Алматы облысы тергеу басқармасына жолданды.

    Алматы облысында қараусыз қалған ғимараттан екі тапанша табылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.