jitsu gif
Оқыс оқиға

    Алматыда аудандық сот қызметкері ұсталды

    Кісен салу
    Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Алматыда Әуезов аудандық сотының қызметкері ұсталды. Ол пара алды деген күдікке ілінген. Бұл туралы қалалық соттың баспасөз қызметі Facebook әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында хабаралды.

    "Осы жылдың 18 сәуірінде Алматы қаласының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Жоғары соттың ішкі қауіпсіздік және жемқорлыққа қарсы бөлімімен бірлесіп, Алматы қаласы Әуезов ауданының №2 аудандық сотының сотының қызметкерін ұстады. Мемлекеттік қызметкер пара алды деген күдікке ілінді", - делінген хабарламада.

    Сонымен қатар қалалық сот қазіргі уақытта аталмыш факті бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары жүріп жатқанын атап өтті.

    "Өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жария етуге жатпайды", - деп қосты соттың баспасөз қызметі.

    Айта кетейік, бұған дейін Атырау облысында пара алу дерегі бойынша бірнеше шенеуніктің ісі сотта қаралып жатқанын хабарлаған едік.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.