jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    Жүргізуші куәлігінен айырылған азамат мас күйде көлік басқарған

    Мас көлік жүргізушісі
    Көрнекі фото: NUR.KZ

    Қызылорда облысында жүргізуші куәлігінен екі ай бұрын айырылған тұрғын қайта мас күйде рөлге отырған, деп хабарлайды ІІМ ресми сайты Polisia.kz.

    Қызылорда облысының тұрғыны 7 ақпан күні жеті жылға жүргізуші куәлігінен айырылса да, мас күйінде көлік тізгініне қайта отырған. Рейдтік жұмыстар барысында Жаңақорған ауданындағы орталық көшелерінің бірінде жол жүрісі қағидаларын бұзған жеңіл автокөлігі тоқтатылды.

    Құжаттарын тексеру барысында мас жүргізуші бұрын сот шешімімен куәлігінен айырылғаны анықталды. 22 жастағы жүргізушінің тағы да мас күйінде автокөлік басқарғаны анықталды. Құқық бұзушы уақытша ұстау изоляторына қамалып, автокөлік айып алаңына қойылды.

    Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 346-бабының 1-бөлігімен (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

    Жүргізуші куәлігінен айырылған азамат мас күйде көлік басқарған

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.