jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ұлжан Ибраим
    Ұлжан Ибраим
    Бұрынғы қызметкер

    Астана тұрғыны көршісінен кек алу үшін оның атынан әуежайларға "бомба қойып" шыққан

    Ер адам
    Көрнекі фото: pixabay.com

    Елордада әуежай мен басқа да мекемелерге "бомба қойған" тұрғынға үкім шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

    Нұр-Сұлтан қаласы Есіл ауданының № 2 соты 1 шілдеде терроризм актісі туралы жалған хабарлау фактісі бойынша қала тұрғынына қатысты айыптау үкімін шығарды. Сотталушының көршісі үнемі тыныштықты бұзатын болған, осыған байланысты ол қаңтарда көршісінен кек алуды ойластырған. Осылашйа, азамат жаңа ұялы телефон сатып алып, оны көршісінің атына тіркеген және электронды пошта ашқан.

    31 наурызда "Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайына", "Алматы қаласының халықаралық әуежайына", "Lexus Astana", "Мусаг" көлік салондарына,"Хан Шатыр", "Abu Dhabi Plaza", "Mega Silk Way", "Mega Park" сауда ойын-сауық орталықтарына, "Ренко" мекемесіне, "Меga Alma-Ata" ойын-сауық орталығына "Сіздердің ғимаратқа бомба қойылған" деген хат жіберген.

    Сотталушы жауапкершілікті көршісіне жүктеу үшін ол келетін уақытта ұялы телефонды оның пәтерінің қасындағы баспалдаққа қалдырып кеткен. Телефонды көршісінің кәмелетке толмаған қызы тауып алып, әкесіне берген. Ол оны пәтерінде сақтаған.

    Сотталушының заңсыз әрекеттері азаматтардың тыныштығын бұзуға, объектілерді эвакуациялауға, сондай-ақ ұшақтардың кешігуіне әкеліп соққан. Оның кінәсі қылмыстық іс материалдарымен дәлелденді. Ол өзінің кінәсін толық мойындап, жасаған әрекеті үшін өкінді. Сот үкімімен қала тұрғыны 1 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

    Астана тұрғыны көршісінен кек алу үшін оның атынан әуежайларға "бомба қойып" шыққан

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.