jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Кенесхан
    Айтолқын Кенесхан
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    "Қолында пышақ болған": Шымкентте бойжеткенді шошытқан ер адамның видеосы тарап кетті

    Видеодан кадр
    Видеодан кадр: instagram/shymkent.online

    Желіде бойжеткеннің үрейін ұшырған ер адамның видеосы қызу талқыланып жатыр. Оның қолында пышақ болған. Аталған жайтқа қатысты қалалық полиция департаменті пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Әлеуметтік желіде тарап кеткен видеодан Шымкент көшелерінің бірінде телефонмен сөйлесіп тұрған бойжеткенге ер адам жақындап, қасына келгенде пышақ шығарғанын көруге болады.

    Ер адамның әрекетінен шошып кеткен бойжеткен айғайлап жіберген, ал осы сәтте күдікті қашып кеткен.

    Instagram желісіндегі Shymkent.online паблигінің жазуынша, оқиға Нұрсәт шағынауданында болған.

    Желідегі жазбада жәбірленуші полицияға арыз жазғанын, алайда учаскелік инспектор болған жайтқа өзін кінәлап шыққанын айтады. Қыздың сөзінше, инспектор: "Әрине, қысқа шорты киіп алсаң кез келген еркектің ойы бұзылады", - деп жауап берген.

    "Бұл сұмдық қой, енді өзімді қауіпсіз сезіну үшін қысқа кимеуіміз керек пе?!", - дейді бойжеткен.

    бойжеткен
    скриншот: instagram.com/shymkent.online

    Бұл жайтқа қатысты Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі пікір білдірді.

    Құзырлы органның мәлімдеуінше, жәбірленуші полицияға бірден арызданбаған. Оқиға 4 шілде күні болған, ал бойжеткен 12 шілде күні шағымданған.

    "Шымкент ҚПД Қаратау АПБ-на Шымкент қаласының тұрғыны арызданған. Ол өзінің арызында, биылғы жылдың 4 шілдесінде түнгі сағат 22:00 шамасында Шымкент қаласы, Қаратау ауданы, Нұрсәт мөлтек ауданында өзіне бұрын таныс емес ер азамат келіп, пышаққа ұқсат зат көрсеткенін жазған.

    Қазіргі таңда аталған жайтты Қаратау АПБ тіркеуге алып, күдіктінің жүрген жерін анықтау жұмыстары жүргізілуде. Тергеу амалдары жалғасуда", - дейді Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

    Сонымен бірге баспасөз қызметінің өкілі аталған жайт бойынша қысқа кигені үшін қыздың өзін кінәлаған учаскелік инспекторға қатысты қызметтік тексеріс жүргізіліп жатқанын атап өтті.

    "Қолында пышақ болған": Шымкентте бойжеткенді шошытқан ер адамның видеосы тарап кетті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.