jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Әсел Дағжан
    Әсел Дағжан
    Бұрынғы қызметкер

    Алматыда такси жүргізушісі шетелдіктен әуежайдан қонақ үйге дейін 45 мың теңге сұраған

    Шетелдік әйел әуежайдан қонақ үйге дейін 45 мың тг төлеген
    Көрнекі сурет: Pixabay.com

    Алматы әуежайында такси жүргізушісі Италиядан ұшып келген әйелден қонақүйге дейін 45 мың теңге сұраған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Көліктегі полиция департаментінің ресми Facebook парақшасына сілтеме жасап.

    Алматы әуежайындағы Желілік полиция бөліміне қала тұрғыны жүгінген. Ол Италиядан келген әйелді әуежайдан қонақ үйге әдейі қымбат бағамен жеткізген такси жүргізушісіне қатысты шара қолдануды сұрады.

    "Жедел іздестіру шаралары барысында Көліктегі полиция қызметкерлері такси жүргізушісінің жеке басын тез анықтады. Ол Алматы облысының 48 жастағы тұрғыны болып шықты. Ер адам шетелдік әйелге қоярда қоймай өз қызметін ұсынып, әуежайдан Бөгенбай батыр көшесінде орналасқан қонақ үйге дейін қымбат бағамен жеткізген", деді көліктегі ПД бастығының бірінші орынбасары Мадияр Айтуғанов.

    Айтуынша, жүргізуші келтірген залалды толық өтеген.

    "Құқық бұзушы ӘҚБтК-нің 449-бабының 1-бөлігі, яғни қоғамдық орындарда тиісу бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды", – деді Айтуғанов.

    Осындай жағдай Қарағандыда да орын алған. Бұл жолы 1969 жылы туған ер адам ұсталды. Ол теміржол билеттерін сату қызметін ұсынған.

    "Бұл азаматтың бұған дейін де осындай құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылғаны анықталды. Оған қатысты ӘҚБтК-нің 449-бабының 2-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, 10 АЕК (30630 тг) мөлшерінде айыппұл салынды", – деді ведомствода.

    Жыл басынан бері Көліктегі полиция қызметкерлері еліміздің әуе және теміржол көлігі нысандарында түрлі әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін 25 746 азаматты жауапкершілікке тартқан. Оның ішінде қоғамдық орындарда мазаны алып, тиіскені үшін 1059 азамат жауапқа тартылған, оның ішінде 251-і заңсыз такси жүргізушілері.

    Алматыда такси жүргізушісі шетелдіктен әуежайдан қонақ үйге дейін 45 мың теңге сұраған

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.