jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасады деген күдікпен деструктивті діни ағымды ұстанушы ұсталды

    кісен
    Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Кәмелетке толмағандарға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасады деген күдікпен, республикалық іздеуде жүрген, деструктивті діни ағымды ұстанушы тұрғын ұсталған. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.

    Ақпараттық порталдың мәліметінше, ІІМ-нің, Алматы қаласы және Қарағанды ​​облыстық полиция департаменттерінің және ҰҚКД қызметкерлерінің бірлескен жұмысының нәтижесінде 15 тамызда "Таблиги Джамаат" діни-экстремистік ұйымының ұстанушысы – Теміртау қаласының 51 жастағы тұрғыны ұсталған.

    Ер адам кәмелетке толмағандарға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасады деген күдікке ілінген және оған республикалық деңгейде іздеу салынған.

    "Ер адам ұзақ уақыт бойы Түркия мен Қырғызстанда жасырынып жүрген. Әрі қарай қылмыстық қудалау үшін А. есімді азамат Қарағанды ​​облысының уәкілетті органдарына берілетін болады", – деп жазады ІІМ ресми сайты.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.