jitsu gif
Оқыс оқиға

    Атырау облысында қамыс арасында адасқанын айтқан жасөспірім полицияға жалған хабар берген

    қамыс
    Көрнекі фото: pexels.com

    Атырау облысында полицияға қамыс арасында адасып кеткенін айтқан 16 жасар жасөспірімнің хабарламасы жалған болып шықты. Баласының теріс әрекеті үшін анасына 84 мың теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

    Атырау облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің басылымға берген мәліметінше, жасөспірім мобильді байланыс телефонымен жалған хабар берген.

    Кеше, 29 тамызда полицияның 102 байланыс нөміріне ер адамнан "Қамыстың арасында адасып кеттім. Көмек қажет" деген хабар түскен.

    Кейін оның мобильді телефон нөмірі өшірулі болған.

    "Осы дерекке байланысты облыстық төтенше жағдайлар департаменті мен полиция қызметкерлері Дамбы ауылдық округі аумағындағы Пешной жарты аралында өскен қамыс арасында жедел іздестіру жұмысын жүргізді. Кейін бұл хабардың жалған екені анықталды. Сол себепті адасқан адамды іздеу тоқтатылды. Жалған хабарды Атырау қаласында тұратын 2006 жылғы жасөспірім берген", -деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі басылымға.

    Аталған дерекке байланысты құзырлы полиция мен төтеншеліктерді алдаған жасөспірім анықталып, ата-анасымен бірге Атырау қалалық полиция басқармасына жеткізілді.

    Басылым мәліметінше, жалған хабар берген жасөспірімнің 1981 жылғы анасына Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 438-бабы 1-бөлігімен хаттама толтырылған.

    Оған сәйкес, саласының теріс әрекеті үшін анасына 84 мың теңге айыппұл салынған.

    Еске сала кетейік, бұған дейін Атырау облысының құтқарушылары Каспий теңізі маңындағы қамыс қопасында адасып кеткен ер адамды іздестіріп жатқаны туралы хабарлағанбыз.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.