jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Әсел Дағжан
    Әсел Дағжан
    Бұрынғы қызметкер

    Әкімнің бұрынғы орынбасары Нұрлан Таубаевтың үкімі өзгеріссіз қалды

    Нұрлан Таубаев
    Нұрлан Таубаев. Фото: Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

    2 қыркүйек күні Атырау облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы өңір әкімінің бұрынғы бірінші орынбасары Нұрлан Таубаев пен құрылыс басқармасының бұрынғы басшысы Тимур Басаровқа қатысты қаулы шығарды, деп хабарлайды "Ақ Жайық".

    Бұған дейін 10 жылға бас бостандығынан айырылған Нұрлан Таубаев пен оның адвокаттары бірінші инстанциядағы сот үкімімен келіспеген болатын. Олар оның күшін жоюды және Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасарын ақтауды сұраған еді.

    Мемлекеттік айыптау оның жазасын колония-қоныста емес, қатаң режимдегі мекемеде өтеуін талап еткен болатын. Алайда, алқа үкімді өзгертуге немесе жоюға негіз жоқ деген қорытындыға келді.

    "Атырау облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының қаулысымен бірінші инстанциядағы соттың сотталғандарға қатысты үкімі өзгеріссіз, апелляциялық шағымдар мен прокурордың апелляциялық өтініші қанағаттандырусыз қалдырылды",деп түсіндірді қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Раиса Аққұлова.

    Естеріңізге сала кетейік, биыл мамыр айында Нұрлан Таубаев 185 млн теңге сомасында пара алуға әрекет жасағаны үшін 10 жылға бас бостандығынан, ал Тимур Басаров көмектескені үшін 5 жылға бас бостандығынан айырылды.

    Шешіммен келіспеген аймақ әкімінің бұрынғы бірінші орынбасары апелляцияға берген болатын. Бұрын ол егер кінәсін дәлелдеген болса, тіпті 15 жылға түрмеге отыруға дайын екенін айтқан еді.

    Әкімнің бұрынғы орынбасары Нұрлан Таубаевтың үкімі өзгеріссіз қалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.