jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұр Еркін
    Нұр Еркін
    Бұрынғы қызметкер

    Жүргізуші куәлігін алмақ болған Шымкент тұрғыны алданып қалды

    Теңге
    Теңге. Фото: NUR.KZ/Третьяков

    Шымкент тұрғыны жүргізуші куәлігін алу үшін танысына 120 мың теңге көлемінде қаражат берген. Қазір күдікті азаматқа қатысты тергеу амалдары жүріп жатыр, деп хабарлайды Polisia.kz.

    Полиция мәліметінше, күдікті қаражат бас пайдасына жаратып жіберген.

    "19 қазанда кешкі сағат 20:10-да Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық полиция басқармасының “102” арнасы арқылы қала тұрғыны арызданды. Ол әкімшілікте көлік жүргізушісі болып жұмыс жасайтын танысының "жүргізуші куәлігін алып беремін" деп сеніміне кіріп, 120 мың теңге ақшасын алғанын көрсеткен.

    Аталған дерек қылмыстық кодекстің 190-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді", - деп хабарлады полиция басқрамасы.

    Ведомства мәліметінше, полиция қызметкерлері хабарламаны алған бойда жедел-іздестіру іс-шараларына кіріскен.

    "Нәтижесінде тәртіп сақшылары күдікті азаматты бір тәулікте қала аумағынан қолға түсірді. Ол Шымкент қаласының 35 жастағы тұрғыны болып шықты. Бұрын-соңды сотты болмаған. Қазіргі уақытта ұсталған азаматтың алған ақшаны жеке басының пайдасына жаратып жібергені белгілі болды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады полиция басқармасы.

    Жүргізуші куәлігін алмақ болған Шымкент тұрғыны алданып қалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.