jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Әсел Дағжан
    Әсел Дағжан
    Бұрынғы қызметкер

    Астаналық бойжеткен мас күйінде такси көлігін айдап әкетіп, жол апатына түсті

    Машина айдап бара жатқан әйел
    Көлік тізгініндегі қыз. Көрнекі фото: Рexels.com

    Астанадағы "Байқоңыр" ауданы Полиция басқармасының криминалдық полиция қызметкерлері көлікті айдап әкетіп, жол-көлік оқиғасын жасаған 31 жастағы қала тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Астана қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

    Елордалық полиция департаментінің хабарлауынша, аталған оқиғаға қыз бен жігіттің арасындағы жанжал себепші болған.

    Тергеу барысында анықталғандай, күдікті таңғы уақытта жас жігітпен таксиде кетіп бара жатып екеуінің араларында келіспеушілік туындайды. Содан такси жүргізушісі жанжалға байланысты екеуін де автокөліктен түсіріп тастаған.

    Сол кезде жас жігіт такси жүргізушісімен ерегісіп қалады. Екеуі мәселені өзара шешпекші болып сөйлесуге бөлек шыққан сәтті пайдаланған бойжеткен "LADA Granta" маркалы автокөлігінің рөліне отырып, айдап кеткен. Алайда ол көп ұзамай Иманов пен Асан қайғы көшелерінің қиылысында екі автокөлікпен соқтығысады.

    Қазір аталған дерекке қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

    Астана қаласының полиция департаменті азаматтарға қырағы болуды, бейтаныс адамдарға сенбеуді ескертеді.

    Астаналық бойжеткен мас күйінде такси көлігін айдап әкетіп, жол апатына түсті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.