jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ақырыс Сейтқазы
    Ақырыс Сейтқазы
    Бұрынғы қызметкер

    Жамбыл облысында әскери қызметкер ауыл тұрғындарының үрейін ұшырды

    Әскери аяқ киім киген адам
    Көрнекі сурет: pixabay.com

    Жамбыл облысында әскери форма киген ер адам ауыл тұрғындарының үрейін ұшырды. Жолындағы жұртты жұдырығымен жайпап, тіпті белгісіз үйге баса көктеп кіріп, төбелес шығарған, деп хабарлайды Астана арнасы.

    Ол алдынан шыққан әйелді еш себепсіз бетінен ұрып, талдырып, отағасын теуіп құлатқан. Не болғанын түсінбей қалған үй иесі алысып жатып, әрең ес жиыпты. Дереу полицейлерге хабар берген.

    "Қызымның әке деген даусын естідім. Жатын бөлмемнен шыққаным сол еді. Әскери киім киген біреу көкірегімнен алып, бір тепті. Сөйтсем, ол үйге кірген бойда бірінші ас бөлмесінде отырған келіншегімді ұрып, құлатқан. Одан маған шыққан", - дейді жәбірленуші Азамат Тәжиев.

    Әскери формадағы азаматтың Луговой гарнизонында келісімшартпен жұмыс істейтіні анықталды. Ол еңбек демалысында болған. Ішімдік ішкені, не есірткі қолданғаны әзірге белгісіз.

    "Тараз гарнизонынының келісімшарт негізіндегі әскери қызметкері өзінің еңбек демалысында тұрғындарға қарсы заңға қайшы әрекетке барды. Тергеп-тексеруден кейін оның алдағы әскери қызметін жалғастыруы, не жалғастырмауы белгілі болады. Ол заңның барлық талаптарына сай жазаланады", - дейді Тараз гарнизоны баспасөз қызметінің жетекшісі Диана Мухаринова.

    Аталған дерек бойынша Оңтүстік өңірлік әскери тергеу басқармасының Тараз қаласы бойынша департаменті сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Әскери азаматқа қатысты Қылмыстық кодекстің 149-бабы 2-тармағымен, яғни, бұзақылық бабымен іс қозғалды. Ол енді екі жыл бас бостандығынан шектелуі мүмкін немесе 6 млн теңгеден астам айыппұл арқалайды.

    Жамбыл облысында әскери қызметкер ауыл тұрғындарының үрейін ұшырды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.