jitsu gif branding logo appbranding logo app
Оқыс оқиға

    "Досына көмектесуге шыққан": Ақмола облысында жоғалып кеткен 16 жастағы жасөспірім табылды

    Жасөспірім. Көрнекі сурет
    Жасөспірім. Көрнекі сурет: pixabay.com

    Ақмола облысында 7 қаңтар түнде досына қарда батып қалған көлігін итерісуге көмекке кетіп, сол күйі оралмаған 16 жастағы жасөспірім табылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі өңірдің полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    Ведомство мәліметінше, 9 қаңтар күні шамамен сағат 12-лерде Бурабай аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері Щучинск қаласының кәмелетке толмаған тұрғынының орналасқан жерін анықтаған. Осылайша, жасөспірім полицейлерге танысының үйінде екенін хабарлаған.

    Ведомство өкілдері бүгінде жас баламен профилактикалық әңгіме жүргізіліп жатқанын айтады.

    Сондай-ақ жас жігітке қатысты заңсыз әрекеттер жасалмағаны белгілі болды.

    "Қазіргі таңда тексеру жүргізіліп жатыр", - дейді полицейлер.

    Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін 16 жастағы жігіттің анасы полицияға ұлының жоғалып кеткенін айтып, шағымданғанын хабарлаған едік. Ол ұлының түнде досының қарда батып қалған көлігін итерісуге көмектесуге кеткенін, алайда артынша оралмағанын айтқан.

    Жас жігітті іздеу жұмыстарына Ақмола облысы ПД жеке құрамы мен жергілікті тұрғындар жұмылдырылған.

    "Досына көмектесуге шыққан": Ақмола облысында жоғалып кеткен 16 жастағы жасөспірім табылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.