jitsu gif
Оқыс оқиға

    Талдықорғанда облыстық балалар ауруханасының есепшісі 116 млн теңгені құмар ойынына жұмсады деген күдікпен ұсталды

    Үстел ойыны
    Көрнекі сурет: pixabay.com

    Талдықорғандағы облыстық балалар ауруханасының есепшісі мемлекеттің 116 млн теңгесін құмар ойынға салып жіберді деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Тергеуді жүргізген Жетісу облыстық экономикалық тергеу департаменті есепшінің бюджет қаражатын бір жылдан аса уақыт көлемінде құмар ойынға жұмсап келгенін мәлімдеді.

    Ол ақшаны өзінің банктік картасына аударып, кейін букмекерлік жеке кабинетіндегі шотына салып отырған. Қазір 1995 жылғы ер адам қамауда отыр. 28 жастағы айыпталушы кінәсін толықтай мойындады.

    "Балалар ауруханасының айлық жалақы жөніндегі есепшісі 2021 жылдың наурызынан 2022 жылдың тамызына дейін аурухана қызметкерлерінің жалақысына, зейнетақы жарналарына және дәрі-дәрмекке қарастырылған қаражатты жүйелі түрде банктегі есепшоты арқылы аударып алып отырғаны анықталды.

    Жалпы, бір жылдан аса уақыт көлемінде аударған сомасы – 116 млн теңге. Іс бойынша оның жасаған әрекеті ауыр қылмысқа жатады. 7-12 жыл аралығында бас бостандығынан айыру жазасы көзделген", - деді Жетісу облыстық экономикалық тергеу департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Аслан Бидасов.

    Талдықорғанда облыстық балалар ауруханасының есепшісі 116 млн теңгені құмар ойынына жұмсады деген күдікпен ұсталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.