jitsu gif
Оқыс оқиға

    Бас прокурор елордалық балабақшада ерекше қажеттілігі бар баланы қорлау ісіне қатысты пікір білдірді

    Ойнап отырған бала
    Ойнап отырған бала. Көрнекі фото: pixabay.com

    Бас прокурор Берік Асылов астаналық балабақшада болған ерекше қажеттіліктері бар баланы қорлау әрекетіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    "Елордадағы инклюзивті балабақшада болған жантүршігерлік оқиға қайталанбауы тиіс. Балаларды қорлауға, жәбір көрсетуге жол бермеуіміз қажет", - дейді Берік Асылов өзінің Twitter-дегі жазбасында.

    Бас прокурор бұл факті бойынша қозғалған қылмыстық істің тергеу барысы бақылауға алынғанын атап өтті. Ол сондай-ақ бүлдіршіндерді қорлағандар заң алдында жауап беретінін айтты.

    Астанадағы инклюзивті балабақшада ерекше қажеттілігі бар бүлдіршіннің қорланғаны туралы әлеуметтік желілерден белгілі болған. Баланың анасы полицияға жүгінген.

    Zakon.kz басылымының мәліметінше, аталған факті бойынша Астана қаласы "Алматы" АПБ қызметкерлері Қылмыстық кодекстің 140-бабымен қылмыстық іс қозғаған.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.