jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Әсел Найман қызы
    Әсел Найман қызы
    Бұрынғы қызметкер

    Павлодарда бейтаныс адамға темекі бермеген ару соққыға жығылды

    Әйел адамның бет пішіні. Көрнекі сурет
    Әйел адамның бет пішіні. Көрнекі сурет: pixabay.com

    Павлодарда темекі беруден бас тартқан бойжеткенді бейтаныс адам үш рет ұрып, жас қыз ауруханаға түскен. Дәрігерлер оған жағы сынған деген диагноз қойған, деп хабарлайды №2 Павлодар қалалық сотының үкіміне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Іс материалдарында оқыс оқиға Павлодарда 2022 жылдың шілде айының ортасында болғаны жазылған.

    37 жастағы ер адам бейтаныс бойжеткеннен шылым беруін сұрайды, алайда ару оған темекі беруден бас тартады.

    "Сотталушы қасақана оң жақ жұдырығымен бойжеткеннің сол жақ бетіне үш рет соққы жасайды. Осылайша ол қыз баланың жағын сындырып, оның денсаулығына орташа деңгейдегі зиян келтіреді. Соққыдан қыз бала жерге құлап түскен", - деп жазылған №2 Павлодар қаласының сот үкімінде.

    Белгілі болғандай бейтаныс ер адам оқиға орнынан қашып кеткен. Алайда полицейлер күдіктіні ұстаған. Сонымен қатар тәртіп сақшылары аталған оқиғадан кейін бірнеше күн өткен соң оның велосипед ұрлағанын анықтаған.

    Сотқа қылмыстық іс Қылмыстық кодекстің 188-бабы, 1-бөлігі, 1-тармағы бойынша келіп түскен. Прокурормен келсімшарт жасасқан павлодардық бір жарымға жылға бас бостандығынан айырылған.

    Павлодарда бейтаныс адамға темекі бермеген ару соққыға жығылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.