jitsu gif
Оқыс оқиға

    Алматы полициясы көлігінде "от жаққан" жүргізушіні ұстады (видео)

    Эвакуатор тиеп алған жеңіл көлік
    Эвакуатор тиеп алған жеңіл көлік. Видеодан кадр: Рolisia.kz

    Жеңіл көлігіне ағашпен жағылатын пеш жасап алған алматылық зейнеткер айыппұл төлейтін болды, деп хабарлайды Polisia.kz.

    Көлік құралын пайдалану ережелерін бұзған жүргізушіні анықтауға бағытталған тексеру шаралары аясында Алматы көшелерінің бірінде көлік иесі машинасының артқы жағына пеш орнатып алғаны белгілі болды.

    Көлікті 1955 жылы туған Л.есімді азамат басқарған.

    "Автокөлік жүргізушісі салонның ортасына ашық отты пеш жасап, екі жағына газ баллондарын орналастырған. Мұндай көлікті басқару – ең алдымен, оның иесіне, жолаушыларға және басқа да жол қозғалысына қатысушыларға қауіп төндіретіні анық", – дейді Алматы қалалық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Ержан Ұзабаев.

    Тәртіп сақшылары әкімшілік заңнамасына сәйкес шаралар қабылданғанын айтты. ӘҚБтК-нің 590-бабы 7-бөлігі бойынша материал жинақталды. Көлік мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылды.

    Алматы полициясы көлігінде "от жаққан" жүргізушіні ұстады (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.