jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Әсел Дағжан
    Әсел Дағжан
    Бұрынғы қызметкер

    Алматыдағы сауда орталықтарының біріндегі тұрақтан көлікті айдап әкетті деген күдікті ұсталды

    Алматыда ұсталған күдіктілер
    Күдіктілер. Фото: Рolisia.kz

    Алматыдағы сауда орталықтарының біріндегі автотұрақтан белгісіз біреулер көлік ұрлады. Полицейлер күдіктінің "ізін суытпай" ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.

    Жетісу аудандық полициясының мәліметінше, қаладағы сауда үйлерінің бірінің тұрағынан ВАЗ-2114 көлігі ұрланған.

    Құқық қорғау мамандары көп уақыт өтпей аталған қылмысты жасаған болуы мүмкін деген күдікпен Н. есімді азаматты ұстады.

    Аталған дерек Қылмыстық Кодекстің 188-бабы 2-бөлігінде көзделген ("Ұрлық") қылмыс белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

    "Көлік айғақты зат ретінде тәркіленіп, қылмыстық іс материалдарына тіркелді. Күдікті өз кінәсін толық мойындады. Қазір оның қалада жасалған осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеріп жатырмыз", – дейді Жетісу аудандық полиция басқармасының бастығы Жәнібек Шынасылов.

    Ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды.

    Алматыдағы сауда орталықтарының біріндегі тұрақтан көлікті айдап әкетті деген күдікті ұсталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.