jitsu gif branding logo appbranding logo app
Оқыс оқиға

    Ақсуда белгісіз ер адамның кішкентай қызға шабуыл жасағаны рас па: полиция пікір білдірді

    қорқып тұрған қыз бала
    Қорыққандықтан құлағын жауып алған қыз. Көрнекі фото: pixabay.com

    Павлодар облысы Ақсу қаласында белгісіз ер адамның кішкентай қыз балаға "шабуыл жасағаны" жайлы ақпаратқа қатысты полиция пікір білдірді, деп хабарлайды Telegram-дағы "ҚР ІІМ жаңалықтары" ресми арнасы.

    Полицияның мәліметінше, ер адамның кішкентай қыз балаға "шабуыл жасағаны" жайлы хабарлама WhatsApp желісінде тараған.

    Полиция тұрғындардан бұл ақпаратқа қатысты арыз келіп түспегенін атап өтті.

    Сондай-ақ полицейлер сөз етілген ауданды аралап, ақпаратты растайтын дерек таппаған.

    Осыған орай полиция қызметкерлері тұрғындардан тек ресми мәліметтерге сүйенуін сұрайды.

    Сонымен қатар ведомство жалған ақпарат таратқандар Қылмыстық кодекстің 274-бабына сәйкес жауапкершілікке тартылатынын еске салды.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.