jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Әсел Дағжан
    Әсел Дағжан
    Бұрынғы қызметкер

    Нұрлан Мәсімовтің ісі қайтадан сотқа жіберілді

    Нұрлан Мәсімов
    Нұрлан Мәсімов. Видеодан кадр: Т.me/antikornews

    Павлодар облысы полиция департаментінің бұрынғы басшысы Нұрлан Мәсімовтің қылмыстық ісі қайтадан сотқа жіберілді. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Соттың мәліметінше, 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы істерге қатысты прокурор айыптау актісін жасайды, ал сотқа дейінгі тергеп-тексеру органы тек сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы хаттама жасайды.

    "Апелляциялық сатыда прокурор сот алқасына жаңа айыптау актісі жасалғанын, онда жіберілген қателіктер түзетілгенін, алдын ала сөз байласу бойынша адамдар тобы аса ірі мөлшерде сеніп тапсырылған мүлікті иемдену жолымен бөтеннің мүлкін ұрлауды жасауға арналған бірыңғай ниет туралы айыптаудың мәні толық сипатталғанын хабарлады", – деп хабарлады Павлодар облыстық соты.

    Алқа қылмыстық істі прокурорға қайтару туралы қаулының күшін жойып, істі қарау үшін қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жіберді.

    Нұрлан Мәсімовтің ісі қайтадан сотқа жіберілді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.