jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Нұрила Ермекбай
    Нұрила Ермекбай
    Бұрынғы қызметкер

    "Балта мен пышақ әкелген": СҚО-да мектепте оқушыларға шабуыл жасалды

    Балта1
    Көрнекі фото: piqsels.com

    Әлеуметтік желіде Петропавл мектептерінің бірінде оқушыларға шабуыл жасалғаны туралы ақпарат тарап жатыр. Жағдайға қатысты Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасы ресми сайтында пікір білдірді.

    "Тоғызыншы сынып оқушысы мектепке балта мен пышақ әкеліп, дәретханада маска тағып, дәлізге шығып үш оқушыны жарақаттаған", - делінген желідегі жазбада.

    Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының ақпаратынша, 13 ақпан күні Петропавлдағы мектептердің бірінде 9-сынып оқушысы үш баланың денесіне зақым келтірген. Зардап шеккендер облыстық балалар ауруханасына жеткізілген, есін біледі.

    Күдіктіні полиция ұстаған. Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 24-бабы 3-бөлігі, 99-бабы 2-бөлігі 1-тармағы, 14-бөлігі (Адам өлтіруге оқталу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

    Прокуратураның алдын ала дерегінше, кәмелетке толмаған бала психиатриялық есепте тұрады. Жасөспірім мен мектеп әкімшілігінің іс-әрекетіне сотқа дейінгі тергеу шеңберінде құқықтық баға беріледі. Оқиғаның басқа мән-жайы анықталып жатыр.

    "Балта мен пышақ әкелген": СҚО-да мектепте оқушыларға шабуыл жасалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.