jitsu gif branding logo appbranding logo app
Оқыс оқиға

    Ұлттық ұлан қызметкері "Алматы-Петропавл" бағытындағы пойызда зорлық көре жаздаған қызды құтқарып қалды

    пойыз іші
    Пойыз іші. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    6637 әскери бөлімінің әскери қызметкері майор Еркін Жантурин жолаушылар пойызында ер адамның қызды қорлауына жол бермеді, деп хабарлайды Ұлттық ұлан ресми сайтында.

    Ұлттық ұланның баспасөз қызметінің мәліметінше, "Алматы-Петропавл" бағыты бойынша жолаушылар пойызымен кезекті іссапардан қайтып келе жатқан майор Еркін Жантурин 10 ақпанда сағат 18.00 шамасында көршілес купеден көмекке шақырған қыздың дауысын естіген.

    Дыбыс шыққан купеге жақындай бергенде ол купенің ішінен біреу есікті әдей жауып тұрғанын байқаған. Есікті күшпен ашқанда бұрышта үрейленіп отырған қызды көрген.

    Күдікті қызды қорлауға тырысқан. Бойжеткеннің айтуынша, ол ер адам танымайды.

    Офицер ер адамды ұстап, "Сарышаған" станциясындағы аялдамада полиция қызметкерлеріне тапсырған.

    "Оқиға кешкі уақытта болды. Мейрамхана вагонынан кешкі ас ішкеннен кейін купеге келіп, тынығайын деп жатқаным сол еді, жас қыздың көмек сұрап, айқайлаған даусын естідім. Купеге кірген кезде ер кісінің қызды қорлауға тырысып жатқанын байқадым және оны дереу ұстадым", - дейді майор Еркін Жантурин.

    Қазіргі таңда Қарағанды облысының 36 жастағы тұрғынына қатысты қылмыстық іс қозғалған.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.